20
февраль
2020
«Тиімді тамақтану – денсаулықтың негізі» атты ашық есік апталығы
Мектебімізде тамақтандыру жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру, тиімді тамақтануды насихаттау мақсатында 2020 жылы 10-14 ақпан аралығында «Тиімді тамақтану – денсаулықтың негізі» атты ашық есік апталығы өткізілді.
Апталық дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде барлық мүдделі тараптардың, әсіресе мектеп жасындағы балалардың ақпараттылық деңгейін көтеру, мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасауға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылып, өткізілді.
Мектебімізде апталық жоспары жасалынып, атаулы іс-шаралар өткізілді. Онкүндік 10.02.2020 жылы мектеп жасындағы балалардың тамақтану режимі туралы, аурудың алдын алудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайында, тез даярланатын тағамдардың кері әсері туралы лездеме өткізіліп, оқушыларға балалардың, оның ішінде оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында ДДҰ ұсынған үйлесімді тамақтанудың 12 қағидасын ұстану маңыздылығы және аурулардың, оның ішінде жедел ішек инфекциясының алдын алу мақсатында қауіпсіз тамақтанудың 5 қағидасы туралы ақпараттар берілді. Лездемеге ДТЖО, әлеуметтік педагог, мектеп медбикесі, сынып жетекшілер және барлық мектеп оқушылары және ата-аналары қатысты.
Жалпы тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты өткізілген ашық есік апталығының нәтижесінде үйлесімді және дұрыс тамақтану жөнінде оқушылардың және ата-аналардың ақпараттылық деңгейі артты. Тиімді тамақтану сапалық білім алудың негізі екендігі жөнінде кеңінен ақпараттық, насихаттау жұмыстары жүргізілді.