Ақкөл орта мектебінде «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясы аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
Жоспар бойынша 8 сәуір күнгі «Қауіпсіздік теңшелімі, ұялы құрылғыларды қолдану» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында ақпарат беру мақсатында өткізілді. Барлық сыныптың ата-аналары қамтылды. Осы тақырып жайында мектептің инновациялық және ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары С.Төленді бірнеше тақырып жайында және ұялы телефонды пайдалану ережелерімен таныстырп кетті. Сөз соңында мектеп директоры Р.Жуматаева өз сөзімен қорытындылады.
11 сәуір күні «Шынайы өмір – виртуальды әлемнен жақсы» 5-11 сынып оқушылары арасында флеш-моб ұйымдастырылды. Барлық сынып әр түрлі музыка ырғағымен флешмоб биледі және жақсы дайындықпен келгенін дәлелдеп көрсетті. Бүл флешмобта патриоттық әндерге дене қимылдарын қолданды.