Дүниежүзілік "Денсаулық күніне" орай спорттық іс-шаралар жоспарлы түрде өтілді » СШ Аккол
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"АҚКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 44 2-13-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дүниежүзілік "Денсаулық күніне" орай спорттық іс-шаралар жоспарлы түрде өтілді
07
апрель
2022

Дүниежүзілік "Денсаулық күніне" орай спорттық іс-шаралар жоспарлы түрде өтілді

       Ақкөл орта мектебінде эстетикалық пән бірлестігінің  жетекшісі Қалаубеков Ғалымжан бастаған топ 7 -ші сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнін таңертеңгілік жаттығудан бастады. 9-11 сынып  оқушыларының қатысуымен түрлі  спорттық іс-шаралар жоспарлы түрде  өтілді.
       Жалпы бүкіл әлемдік Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы.