Құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған Аудандық АПБ бастығының орынбасарымен кездесу жиыны болып өтті » СШ Аккол
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"АҚКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 44 2-13-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған Аудандық АПБ бастығының орынбасарымен кездесу жиыны болып өтті
05
декабрь
2023

Құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған Аудандық АПБ бастығының орынбасарымен кездесу жиыны болып өтті

         "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасымен балалардың қадағалауынсыз және панасыз қалуын алдын-алу туралы" Талас  АПБ бастығының бірінші орынбасары Қожахметов М.Қ. және АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Қыстаубаев Б.Т. баяндады. Жиынға 7-10 сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері, педагог-психолог, директородың орынбасарлары қатысты. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері таныстырылды. Оқушыларға түн мезілінде көшеде бей-мезгілде жүру, оқушылар бір-біріне әлімжеттік жасау, бопсалау туралы қатаң жаза болатындығы ескертілді. Мектеп директоры А.Тлеукеева сөз алып, мектепте 256 оқушы барын, бір ауысымда оқитынын, үзбей құқықтық тәрбиеге байланысты іс-шара жоспарлары жасалынып өткізілініп тұратынын айтты. Мектепте рейд жұмыстары ұзбей жүргізіледі және қазіргі үлкен мәселе оқушылардың пайдаланып үзбей ұстап жүрген қалта телефондары туралы баса айтты.