Ақкөл орта мектебінің танымал түлектерімен өткен әсерлі кеш » СШ Аккол
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"АҚКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(726) 44 2-13-12
Version for
visually impaired
» » Ақкөл орта мектебінің танымал түлектерімен өткен әсерлі кеш
22
февраль
2023

Ақкөл орта мектебінің танымал түлектерімен өткен әсерлі кеш

    Ақкөл орта мектебінің әкімшілігі «ЖоMarch түлек» жобасын іске асыру аясында, мектептің 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру, кәсіпке деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында мектептен түлеп ұшқан  танымал түлектерімен zoom платформасы арқылы онлайн кездесу ұйымдастырды. Осы кішкентай ғана ауылдан, алтын ұя мектептен түлеп ұшқан Тәукебаев Өміржан Жалғасбекұлы, Меңлібеков Мыңжан  Әлжанұлы, «Алтын белгімен» үздік аяқтаған Алжанұлы Бақытжанмен онлайн кездесу жасады. Ат терлетіп алыстан келмесе де, заман талабына сай интернет желісі  арқылы сұқпаттастық. Санаулы уақыттам түлеп ұшқалы отырған 11 сынып оқушыларына жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік беруге ықпал жасалды. Сонымен қатар, мамандықтың түрі, ерекшелігі, маңызы мен мәні туралы сөз қозғады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік  түлегі Таукебаев Өміржан Жалғасбекұлы қазіргі таңда ҚазҰУ инжмниринг және жоғары технологиялар кластері бас директорының орынбасары. Әр жылда Австрия, Венгрия, Нидерланды мемлекеттеріндеғылыми конференциялар мен тренингтердің қатысушысы.
  Ал, Меңлібеков Мыңжан Әлжанұлы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ  ұлттық медицина университетінің –емдеу факультетін бітірген. Қазақ Ұлттық хирургия орталығы А.Н.Сызғанова, резидентура-гепатобилиарлық хирургия  және бауыр трансплантациясы, жалпы хирургия, микрохирургия курсын аяқтаған. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жоғары санатты дәрігер-хирург.
   Мектепті «Алтын белгімен»  үздік бітірген Алжанұлы Бақытжан - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология факультетінің үздік түлегі. Америка құрама штаттары Нью-Йорк қаласы Нью-Йорк университетінде мемлекеттік болашақ бағдарламасы бойынша білім алған.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология мамандығы бойынша Phd-докторантурасын аяқтаған. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия ғылыми –зерттеу институтында ғылыми маман және қосымшаи швейцариялық «Рош» фармацевтикалық компаниясында ғылыми кеңесші болып жұмыс атқарады.
      Кешіміздің соңында мектеп директоры А.Тлеукеева  шәкірттеріне жылы лебізін білдіріп, оқушыларымыз алғыстарын айтты.Үлгілі, сыйлы болу, жақы оқу-әр мектеп оқушыларының басты міндеті