02
March
2022
Біздің мақтанышымыз БАҚЫТЖАН ӘЛЖАНҰЛЫ
Ақкөл орта мектебінің түлегі "Алтын белгі-2009"иегері.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМ ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН БІРЕГЕЙ ЖАСУША ОЙЛАП ТАПТЫ деген жаңалыққа елең ете қалдық.Жас ғылымның біздің алтын ұя мектептен қанат қағып ұшқынына бір марқайыпта қалдық.
Жас ғылымның негізгі мақсаты І типті қант диабетін емдеудің заманауи тәсілдерін табу болды. Атап айтқанда, өзінің табиғи инсулинін шығаратын жасушалық терапияны табу болған".
«Дифференциация және геномды редакциялау әдістерін біріктіру арқылы осындай нәтижеге қол жеткізіпті. Бұл қорытындының бірегейлігі мен өзге әдістерден артықшылығы осында екендігін және дифференциация - бұл адамның бағаналы жасушаларын ағзадағы кез келген органның жаңа жасушаларын алу үшін материал көзі ретінде пайдалану әдісі. Зерттеу кезінде бағаналы жасушалардан өңделген геномы бар ұйқы безінің жасушаларын алған. ДНҚ-ны редакциялау әдісі - бұл гендік инженерия, ДНҚ-ның жеке құрылымдық элементтерін өзгерту. Яғни бұл жерде алынған ұйқы безінің жасушаларынан бірегей қасиеттерге қол жеткізген. Дәлірек айтқанда, жасушалар инсулин деңгейін өз бетінше реттей алады. Бұл - әлемде алғаш рет ойлап табылған әдіс, - деп түсіндірді ғалым.
Жас ғылымның Ақкөл орта мектебінде қазіргі таңда 2 сынып оқитын кішкентай қарындасы бар.Әлжанқызы Малика.Өте білімді,ұшқыр ойлы,тұла бойы тұрған өнер.Малика аудандық "Күз ханшайымы"сайысына қатысып бас жүлдені ұтып алды. "Әнші балапан-2021"байқауының бас жүлдегері.
Мұқағали,Ы.Алтынсарин оқуларына қатысып үздік марапатталған. Бақытжанның ата-анасын алғыс айтамыз. Біз түлегімізбен мақтанамыз!!!!!

