03
октябрь
2019
ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті ұстаздар!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай атамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Ұстаз,ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттеррім сен дейтін!
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!
Ізгі тілекпен: сайт әкімшілігі