27
ноябрь
2023
Х республикалық "Ақберен" өнер байқауының жеңімпазы Жүзбайұлы Алдияр
Балалардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл - қыздарын тәрбиелеу біздің міндетіміз. Мектебімізде талапты да талантты оқушылар өте көп. Осындай талантты жастың бірі 11 сынып оқушысы Жүзбайұлы Алдияр. Исмаилов Ғалымжан Қалдыбайұлының жетекшілігімен 24-26 қараша аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында өткен шығармашыл оқушылар арасындағы Х республикалық "Ақберен" өнер байқауының "Көркемсөз оқу" номинациясы бойынша қатысып жүлделі ІІ орынмен марапатталды! Талантты да талапты Алдиярға құтты болсын дей отырып, болашағынан үлкен үміт күтеміз!!!



