"Менің ағашым менімен бірге өседі" тақырыбында көшет отырғызу акциясы өткізілді
Ақкөл орта мектебінде оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, мәдениеттілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында "Менің ағашым менімен бірге өседі" тақырыбында көшет отырғызу акциясы өткізілді. Акцияға мектебіміздің даярлық сынып оқушылары мен ата -аналары қатысып, жеміс ағаштарын отырғызды.