Көркем еңбек пәні (ұлдар) мұғалімінің конкурс жариялайды » СШ Аккол
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"АҚКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(726) 44 2-13-12
Версия для
слабовидящих
» » » Көркем еңбек пәні (ұлдар) мұғалімінің конкурс жариялайды
11
сентябрь
2023

Көркем еңбек пәні (ұлдар) мұғалімінің конкурс жариялайды

Көркем еңбек мұғалімінің (ұлдар) 12 сағаттық бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. 
Бос лауазымға орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес біліктілік сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс. Құжат мұғалімге жүктелетін міндеттерді белгілейді.  Бұл құжатты осы хабарландырудың 3-қосымшасынан табуға болады.
Жалақы мөлшері:  150 000 теңге жалақы мөлшерінде, жалақы талапкердің біліктілігіне және педагогикалық өтіліне байланысты.
Еңбек жағдайлары: еңбек шартымен анықталады.
Байқау мерзімі 07.09.2023 бастап 15.09.2023 дейін.
Құжаттарды қабылдау 15.09.2023 жылы сағат 18.00-де аяқталады
  Конкурсқа құжаттар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады.

Лауазымдық міндеттері: Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.
Электронды журналдарды толтырады.
Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Білуге міндетті: Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясын, Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психологияны, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша арнаулы орта немесе жоғары білімінің болуы 
Айлық жалақысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» № 191 бұйрығына сәйкес есептеледі.

 Конкурсқа ұсынылатын құжаттар тізімі:


  Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз жеткізгіште мынадай құжаттарды жібереді:

  1) осы хабарландырудағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтініш;
  2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
  3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);
  4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;  https://adilet.zan.kz/rus/docs/V090005750_
  5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда еңбек кітапшасы);
  6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
  7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ЕНТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының сертификаты (болған жағдайда);
  10) осы хабарландырудағы 
 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған бағалау парағы.

Похожие публикации: