11
февраль
2023
"Ата балаға сыншы" тақырыбында ұлдармен жиналыс жүргізілді
Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды. Қатысқандар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сопбекова А, АӘД пәні мұғалімі Калаубеков Г, мектеп медбикесі Кодыбекова К. Мектеп психологы: Доспанова А. Мектеп медбикесі “Шылым шегудің адам ағзасына зияны” тақырыбында ұлдармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мектептің iшкi тәртіп ережелерін таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуын, қарым-қатынас мәдениетін, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен жалғасты. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік берілді.


