22-наурыз Ұлыстың ұлы күні » СШ Аккол
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"АҚКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(726) 44 2-13-12
Версия для
слабовидящих
» » » 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні
17
март
2023

22-наурыз Ұлыстың ұлы күні

       Қазақ халқы Наурыз күнін «Ақ түйе қарыны жарылған күн» деп ерекше қастерлейді. Осы күні ел ішіндегі дуалы ауызды батагөй, әулие ақсақалдарды арнайы дәмге шақырады. Не арнайы іздеп барып ақ батасын алады. Ол қарияларға шапан-шақтық жейде не тақия сыйға тартады. Қазақтың «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақалы осы шындықты растайды. Өйткені қазақта наурыз күнгі тілек қабыл болады деген наным бар. Жақсы адамнан бата алсаң, жолың жақсылыққа оңғарылады деп ырым етеді. Сүйтіп, жақсы сөздің уыз батаның, ақ тілектің күшіне көміл сенеді. Бата алған жастардың жүрегі қуанып, жылдар бойы көңілді жүреді. Осы айтулы мерекені мектепшілік деңгейде барлық сынып аралығында атап өттік, мерекеде Наурыз Аруы мен Наурыз Серісі болды. Ұлттық ойындар ойнатып ән, би, кдомшашулар шашылды. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!