"Қызға қырық үйден тыйым" тренингі өтілді » СШ Аккол
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"АҚКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(726) 44 2-13-12
Версия для
слабовидящих
» » "Қызға қырық үйден тыйым" тренингі өтілді
08
февраль
2023

"Қызға қырық үйден тыйым" тренингі өтілді

     Мектептің 8-11 сынып оқушылары аралығында болды. Мақсаты: Қыздарға қырық үйден тыйым ұғымдарының мәнін ашу. Адамдармен сыпайылық қарым-қатынаста болуын дамыту. Инабаттылыққа, сыпайылыққа,әдептілікке тәрбиелеу. Бұл іс–шараның мақсаты қазіргі таңдағы жастарымыз – қыз балаларының бойындағы мінез–құлық, жүріс-тұрыс, үлкендер алдында өз–өзін ұстауы, сөз сөйлеу мәнері секілді қыз балалардың бойында қазақы болмысымызға тән қасиеттердің болуын талдау–талқылау, имандылыққа баулу, жастардың өркениетті еліміздің даму талабына сай жан–жақты азамат болып қалыптасуына ықпал ету, ғылым–білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. «Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» мақалына түсінік жұмысын жүргізіп,оқушылармен пікір алмасты.
       Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», - дейді М. Әуезов.