30 қыркүйек күні мектебімізде "ДУБЛЁР КҮНІ" өткізілді
30 қыркүйек күні мектебімізде "ДУБЛЁР КҮНІ" өткізілді. МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ осы жауапты іс- шараға ерекше дайындалды. 9-11 сыныптардан пән мұғалімдерін алмастыратын оқушылар анықталды. Мектеп парламентінің фракция жетекшілері әкімшілік мүшелері болды. Мектеп президенті Маратұлы Шәкәрім мектеп директорының қызметін атқарды. Бұл күні мектепте ерекше атмосфера орнады.