Оқушылар жетістіктері » Страница 4 » СШ Аккол
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"АҚКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 44 2-13-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
Наурыз мерекесіне орай Республикалық домбырашылар челленджі
21
март
2023
Наурыз мерекесіне орай Республикалық домбырашылар челленджі
          Ақкөл орта мектебінің домбырашылары Наурыз мерекесіне орай Республикалық домбырашылар членджіне қатысты. 17 наурыз сағат 12:00.
"Бауырсақ пати" байқауы өтті
20
март
2023
"Бауырсақ пати" байқауы өтті
          Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған іс- шара жоспары аясында мектебімізде "Бауырсақ пати" байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты:ұлттық дәстүрімізді,қонақжайлық пен мейірімділікті дәріптеу,айналадағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас,жылы лебіздерін сезіндіру. Мектеп қызметкерлері бауырсақтың бірнеше түрімен таныстырып, мектеп оқушыларын,ұстаздарын Наурыз мерекесімен құттықтап,бауырсақтан дәм ауыз тиюге шақырды. Ұлттық тағамдарымызды дәріптеп
Облыстық Әбіш оқулары байқауының жеңімпазы Жүзбайұлы Алдияр
18
март
2023
Облыстық Әбіш оқулары байқауының жеңімпазы Жүзбайұлы Алдияр
        8-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық Әбіш оқуларының облыстық кезеңінде шығармаларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Жүзбайұлы Алдияр І орынды иеленді. Жетекшісі: Исмаилов Галымжан.  Жеңісін құтты болсын!
22-наурыз Ұлыстың ұлы күні
17
март
2023
22-наурыз Ұлыстың ұлы күні
       Қазақ халқы Наурыз күнін «Ақ түйе қарыны жарылған күн» деп ерекше қастерлейді. Осы күні ел ішіндегі дуалы ауызды батагөй, әулие ақсақалдарды арнайы дәмге шақырады. Не арнайы іздеп барып ақ батасын алады. Ол қарияларға шапан-шақтық жейде не тақия сыйға тартады. Қазақтың «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақалы осы шындықты растайды. Өйткені қазақта наурыз күнгі тілек қабыл болады деген наным бар. Жақсы адамнан бата алсаң, жолың жақсылыққа оңғарылады деп ырым етеді. Сүйтіп,
Ақкөл орта мектебінде “Өскен өңір” атты даярлық сынып арасында акция өтілді
17
март
2023
Ақкөл орта мектебінде “Өскен өңір” атты даярлық сынып арасында акция
       Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі дегендей 22-наурыз мерекесіне орай Ақкөл орта мектебінде “Өскен өңір” атты даярлық сынып арасында акция өтілді. Балалар қуанып өз талдарын ата-аналарымен бірге екті.  
"Кибербуллинг,буллингке тоскауыл кояйық!" такырыбында тренингі
11
март
2023
"Кибербуллинг,буллингке тоскауыл кояйық!" такырыбында тренингі
Мақсаты «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. тренинг барысы: 1. Сыныпқа сұрақ: «Буллинг дегенді қалай түсінесіздер?» 2. Шағын-дәріс: Буллинг анықтамасы, булингпен жанжалдын айырмашылығы, буллингтен корғану. 3. Шағын топтардағы жұмыс: «Егер сен буллингтен зардап шексең немесе буллингтің куәгері болсаң не істеу керек?» 4. Балаларды ұруға болады
Ақкөл орта мектебінде  “Инабатты Ару-2023” байқауы  өтті
09
март
2023
Ақкөл орта мектебінде “Инабатты Ару-2023” байқауы өтті
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын, Көрінер толған айдай жүзі жарқын, Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей Ақкөл орта мектебінде тағы бір байқау “Инабатты Ару-2023” өтті. 6- шарттан тұратын бұл байқауға, 9-11 сынып арасынан 4 аруымыз қатысты. Бүршік атқан гүлдей топты жарып 10-сынып аруы Есен Балауса “Бас жүлдені” алып “Инабатты ару -2023” атанды. Аруымызды шын жүректен құттықтаймыз.
“Сырласайық,сырғалым”байқауы өтті
07
март
2023
“Сырласайық,сырғалым”байқауы өтті
        Ақкөл орта мектебінде көктемнің жайма шуақты күнінің бір наурыздың 6-шы жұлдызында “Сырласайық,сырғалым”байқау өтті. Байқауға 5-8 сынып аралығында жеңге мен қайын сіңлілер қатысты, сайыс өз деңгейінде өтті. 1. Арайлым тобы 2. Үкілім тобы 3. Сымбаттым тобы 4. Шырайлым топтары қатысты. Екі топ тең түсіп 2 ші орынды иеленді, Арайлым тобы 1-ші орын, Үкілім тобы “Бас жүлдемен” марапатталды.
“Ал,қанекей,қыздар” атты 2-4 сыныптар арасында қыздар сайысы өтті
06
март
2023
“Ал,қанекей,қыздар” атты 2-4 сыныптар арасында қыздар сайысы өтті
      Ақкөл орта мектебінде 8- наурыз қыздар мерекесіне орай 2-4 сынып аралығында “Ал,қанекей,қыздар” атты сайыс өтті. Сайысқа 5 топ қатысты.      Қыздар 5 шарт бойынша сайысқа түсті: 1. Таныстыру. 2. Шеберлінің қолы алтын. 3. Өз өнері. 4. Сұрақ-жауап. 5. Сән үлгісі Нәтижесінде: 🔴БАС ЖҮЛДЕНІ -Қызғалдақ тобы (3а-сыныбы) 🔴1 орынды- Күншуақ пен Көктем тобы (4ә;2-сынып)тең түсіп иеленді 🔴2 орынды-Бәйшешек тобы (3ә сыныбы) 🔴3 орынды- Жауқазын тобы (4а сыныбы) иеленді. Сайыс өз деңгейінде жақсы өтті!
1-наурыз Алғыс айту күні орай “Алғысым айту- парызым” атты іс-шара
01
март
2023
1-наурыз Алғыс айту күні орай “Алғысым айту- парызым” атты іс-шара
         1-наурыз Алғыс айту күні орай “Алғысым айту- парызым” атты іс-шара өтілді. Іс-шараға барлық сынып оқушылары қатысты.