ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТАДЫ!
"Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» - дегендей өскелең ұрпаққа білім беруді өзіне кәсіп қана емес, өмірлік мәні қылған ардақты да қадірлі зейнеткер ұстаздарымызды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің алғыс хатымен марапаттады. Қай заманда, қай қоғамда болмасын, баланы оқыту, оған тəрбие беру - ең ұлы мұрат, ұлағатты іс. Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Білімді ұрпақ дайындау - ұстаздың абыройлы міндеттердің бірі болып қала береді.