Жаңалық » Страница 6 » СШ Аккол
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"АҚКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 44 2-13-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 6
1-сыныпқа қабылдау 1-сәуірден басталады
29
март
2023
1-сыныпқа қабылдау 1-сәуірден басталады
          Құрметті ата-аналар!         Орта білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес орта білім беру ұйымына бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталатынын естеріңізге саламыз. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін көрсетілген мерзім өткенге дейін «электрондық үкімет» порталы арқылы немесе тікелей білім беру ұйымына (мектепке) құжаттарды тапсыру қажет.         Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады.
Оқушыларымыз "Мен зерттеуді үйренемін" аудандық байқауда жүлделі орындарға ие болды
27
март
2023
Оқушыларымыз "Мен зерттеуді үйренемін" аудандық байқауда жүлделі
     "Мен зерттеуді үйренемін" атты аудандық балғын зерттеушілер байқауында шығармашылық жұмыстарымен мектебіміздің 3-4 сынып оқушылары Шүленбай Жанел, Мамыржан Амина, Аманғали Інжу, Алжанқызы Малика жүлделі орындарға ие болды.
Мұстапа Айгерім "Алтын түлек" математикалық олимпиадасының жүлдегері
27
март
2023
Мұстапа Айгерім "Алтын түлек" математикалық олимпиадасының жүлдегері
          10-11 сынып оқушыларына арналған "Алтын түлек" математикалық олимпиадасының Республикалық кезеңіне қатысып 10 сынып оқушысы Мұстапа Айгерім ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Амирбекова Бегзада. 
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Әлем әдебиеттерін бірге оқимыз" атты іс-шаралар
24
март
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Әлем әдебиеттерін бірге оқимыз"
         Ақкөл орта мектебінің "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушыларға көктемгі демалыс кезінде "Әлем әдебиеттерін бірге оқимыз" атты іс-шаралары ұйымдастырылды.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы іс-шаралар
24
март
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы іс-шаралар
 Ақкөл орта мектебінің "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушыларға көктемгі демалыс кезінде "Әлем әдебиеттерін бірге оқимыз" атты іс-шаралары ұйымдастырылды.
Наурыз мерекесіне орай Республикалық домбырашылар челленджі
21
март
2023
Наурыз мерекесіне орай Республикалық домбырашылар челленджі
          Ақкөл орта мектебінің домбырашылары Наурыз мерекесіне орай Республикалық домбырашылар членджіне қатысты. 17 наурыз сағат 12:00.
"Бауырсақ пати" байқауы өтті
20
март
2023
"Бауырсақ пати" байқауы өтті
          Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған іс- шара жоспары аясында мектебімізде "Бауырсақ пати" байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты:ұлттық дәстүрімізді,қонақжайлық пен мейірімділікті дәріптеу,айналадағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас,жылы лебіздерін сезіндіру. Мектеп қызметкерлері бауырсақтың бірнеше түрімен таныстырып, мектеп оқушыларын,ұстаздарын Наурыз мерекесімен құттықтап,бауырсақтан дәм ауыз тиюге шақырды. Ұлттық тағамдарымызды дәріптеп
Облыстық Әбіш оқулары байқауының жеңімпазы Жүзбайұлы Алдияр
18
март
2023
Облыстық Әбіш оқулары байқауының жеңімпазы Жүзбайұлы Алдияр
        8-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық Әбіш оқуларының облыстық кезеңінде шығармаларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Жүзбайұлы Алдияр І орынды иеленді. Жетекшісі: Исмаилов Галымжан.  Жеңісін құтты болсын!
22-наурыз Ұлыстың ұлы күні
17
март
2023
22-наурыз Ұлыстың ұлы күні
       Қазақ халқы Наурыз күнін «Ақ түйе қарыны жарылған күн» деп ерекше қастерлейді. Осы күні ел ішіндегі дуалы ауызды батагөй, әулие ақсақалдарды арнайы дәмге шақырады. Не арнайы іздеп барып ақ батасын алады. Ол қарияларға шапан-шақтық жейде не тақия сыйға тартады. Қазақтың «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақалы осы шындықты растайды. Өйткені қазақта наурыз күнгі тілек қабыл болады деген наным бар. Жақсы адамнан бата алсаң, жолың жақсылыққа оңғарылады деп ырым етеді. Сүйтіп,
Ақкөл орта мектебінде “Өскен өңір” атты даярлық сынып арасында акция өтілді
17
март
2023
Ақкөл орта мектебінде “Өскен өңір” атты даярлық сынып арасында акция
       Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі дегендей 22-наурыз мерекесіне орай Ақкөл орта мектебінде “Өскен өңір” атты даярлық сынып арасында акция өтілді. Балалар қуанып өз талдарын ата-аналарымен бірге екті.