САТЫБАЛДИН ӘЗІМХАН ӘБІЛХАЙЫРҰЛЫ » СШ Аккол
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"АҚКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 44 2-13-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » САТЫБАЛДИН ӘЗІМХАН ӘБІЛХАЙЫРҰЛЫ
09
апрель
2020

САТЫБАЛДИН ӘЗІМХАН ӘБІЛХАЙЫРҰЛЫ

Әзімхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин 1959 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Ақкөл орта мектебінің түлегі. 1981 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Туы Орденді Ауыл шаруашылығы институтын Экономист-ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы мамандығы бойынша үздік тәмамдаған, Лениндік стипендиат. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі (2002 ж.), Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (1996 ж.), Моңғолия ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі. 2014 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 8-1/240 бұйрығымен «КазАгроИнновация» АҚ Басқармасының Төрағасы болып сайланған. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағымен (1999 ж.), «Құрмет» орденімен (2007 ж.), «Парасат» орденімен (2012 ж.), Ресей Федерациясының «Михайло Ломоносов» орденімен (2008 ж.) марапатталған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1988 ж.); «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1994 ж.). 200-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы. Аграрлық ғылым саласында біліктілігі жоғары 39 ғылыми кадр даярлауға басшылық еткен, оның ішінде: 12 ғылым докторы және 27 ғылым кандидаты бар.