23
October
2021
Мектебіміздің тоғызқұмалақ ойынының шеберлері аудандық бәсекеде озық атанды
Ақкөл орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жүзбайұлы Алдияр, 10 сынып оқушылары Зият Ерасыл мен Бостандық Сәбина, Әбдінұр Аружан тоғызқұмалақ ойынынан үнемі алда. Біліммен спортты қатар алып жүрген оқушыларымызға алғысымыз шексіз. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Аудандық 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен тоғызқұмалақ командалық чемпионатында белсенділік танытып I орын иеленді. Облыстық жарысқа жолдама ұтып алды. Ұстазы Қамбарбеков Нұржан. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!



