ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТАДЫ! » СШ Аккол
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"АҚКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(726) 44 2-13-12
Version for
visually impaired
» » » ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТАДЫ!
29
November
2023

ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТАДЫ!

        "Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» - дегендей өскелең ұрпаққа білім беруді өзіне кәсіп қана емес, өмірлік мәні қылған ардақты да қадірлі зейнеткер ұстаздарымызды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің алғыс хатымен марапаттады. 
        Қай заманда, қай қоғамда болмасын, баланы оқыту, оған тəрбие беру - ең ұлы мұрат, ұлағатты іс. Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз.  Білімді ұрпақ  дайындау - ұстаздың абыройлы міндеттердің бірі болып қала береді. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын жүректен алғыс айтамыз. 
       Ардагер ұстаздарға: өн бойында  ақыл мен парасат қатар үйлесім тапқан, өз биігінде әдемі қартаюдың үлгісін көрсетіп, жас ұстаздарға өмірден түйгенін, ақыл - кеңесін айтып,   ел тұтқаларына ізгілік пен парасаттылықты ұстануға бағыт беріп жүрген зейнеткер ұстаздарға мектеп ұжымы алғысын айтып, дайындаған арнайы сый - сияпатын ұсынды.  
        Ардагер ұстаздардың алдағы күндеріне денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.