18
December
2021
"Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын" айлық іс-шара өтілді
Еліміздің ең ұлық мерекесі- Тәуелсіздік күні, Ақкөл орта мектебінде 15 желтоқсан күні 16 қараша мен 16 желтоқсан айы аралығында айлық іс-шараның соңғы концерті өтті. Ай бойы атсалысқан ұстаздар мен оқушыларды мектеп басшысы алғыс хаттар мен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне арналған төсбелгі тарту етті. Ай бойы өткен іс -шарада "Оқуға құштар"жобасы бойынша 30 кітап оқу бойынша, кітап оқыған оқушылар марапатталды. "Желтоқсанның 35 жылдығына " ұйымдастырылған мектепшілік баскетбол ойынында ерекше ойын көрсеткен оқушылар марапатталды. "Тәуелсіздік тұғырым"атты эсседе үздік эссе жазған оқушылар марапатталды.
#Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!!! Мереке құтты болсын!!!



