1-сыныпқа қабылдау 1-сәуірден басталады » СШ Аккол
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"АҚКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(726) 44 2-13-12
Version for
visually impaired
» » 1-сыныпқа қабылдау 1-сәуірден басталады
29
March
2023

1-сыныпқа қабылдау 1-сәуірден басталады

          Құрметті ата-аналар!
        Орта білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес орта білім беру ұйымына бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталатынын естеріңізге саламыз. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін көрсетілген мерзім өткенге дейін «электрондық үкімет» порталы арқылы немесе тікелей білім беру ұйымына (мектепке) құжаттарды тапсыру қажет.
        Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.  
▪️Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйекте толық 6 жаста болса, барлық бала қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.  
▪️Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде жіберіледі.  
▪️Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады.  
▪️Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ.  
▪️Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы №063/у нысанындағы анықтама және 2 фотосурет тапсырады.